Германияның тағы бір аймағы ислам дініне ресми мәртебе берді

Германияның тағы бір аймағы ислам дініне ресми мәртебе берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бремен және Гамбург қалаларынан соңын ала Төменгі Саксония жері де ислам дінін ресми дін деп жариялады. Бұл туралы www.muslim.kz сайты хабарлады.

Жергілікті билік өкілдері түрік-мұсылман одағының бөлімше бастығы Йылмыз Қылышпен және Германияның алевиттік федерациясының мүшесі Хұсейн Матпен кездескеннен кейін келісімшарттың өзінше бір түрі болып табылатын «конкордатқа» қолдарын қойды.

Мұсылман ұйымының өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл «конкордат» билік орнының мұсылмандармен қарым-қатынасына байланысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Ислам дінінің ресми мойындалуы имамдарға түрме, аурухана, мектеп секілді мекемелерде діни қызметін жүргізуге, сондай-ақ, қалада мұсылмандардың өз алдына бөлек бейітін ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мешіт тұрғызуда жеңілдік қарастырылады.

Бұған қоса, мұсылмандардың айтулы Ораза айт пен Құрбан айт мерекелерінде мұсылмандар тынығатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: