ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ: БҮГІН – АРМАНЫМ ОРЫНДАЛҒАН КҮН (ФОТО)

ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ: БҮГІН – АРМАНЫМ ОРЫНДАЛҒАН КҮН (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 2000-2013 жылдары басқарған, белгілі ғалым, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының кеңесшісі Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Діни басқарма ғимаратын аралаған Әбсаттар қажы Бағысбайұлы: «Осыдан 10 жыл бұрын Бакуге барған сапарымда әзірбайжандық әріптестерімнің ғимаратын көріп шығып: «Шіркін-ай, біздің Діни басқарманың осындай зәулім ғимараты болса еді» деп армандап едім. Құдайға шүкір, бүгін сол арманым орындалған күн. Әр адам өзінің өлшеулі ғұмырында із қалдыру керек. Діни саладағы азаматтар ел игілігі үшін көбірек жұмыс істеуі керек. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ ұжымы ауқымды істер мен қайырымдылық жобаларды жүзеге асырып келеді. Алла баршамызға абырой берсін. Діни басқарма ұжымын, барша дін қызметкерін 30 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Бұл – баршамыздың ортақ мерекеміз. Еліміз бен жеріміздің игілігі үшін аянбай қызмет ету – ортақ міндетіміз. Ел аман, жұрт тыныш болғай!» деген ақжарма тілегін жеткізді.

Кездесуде Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфтиге «Әбу Насыр әл-Фараби ұлы даланың дара тұлғасы», «Мұхамед Хайдар Дулати», «Әбсаттар қажы Дербісәлі және Қазақстанның шығыстану ғылымы мен рухани жаңғыру мәселелері» атты кітаптарын сыйға тартты.

Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстазына құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: