ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертең, 25 қараша күні сағат 14:00-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық конференция өтеді.

Конференцияда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Селим Аргун, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Максатбек Токтомушев, Тәжікстан Ислам орталығының төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин, Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадыс онлайн баяндама жасайды. 

Мерекелік жиынға Діни басқарманы әр жылдары басқарған бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және қазіргі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Мұхаммад Шаххат әл-Жинди, сондай-ақ Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімұлы, Ғарифолла Есім, Дихан Қамзабекұлы, Досай Кенжетай секілді ел ағалары қатысып, құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.

Конференция соңында Діни басқарманың 30 жылдығына арналған жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, арнайы үндеу қабылданады. Пандемия жағдайына байланысты конференция «Хикмет» студиясының YouTube арнасынан онлайн көрсетіледі.

asyldin.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: