ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 9 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 9 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына сапары барысында 9 баспананың кілтін табыстады.

Облыстың үш ауданында 309, 310, 311, 312, 313, 314 және 3 қызметтік үйдің кілті жаңа иелеріне табысталды. Жамбыл облысы Талас ауданы Аққұм ауылына арнайы барған Бас мүфти бір қызметтік және бір жеке үйдің кілтін берді. Игі шара «Асарлатып үй салу жобасы» аясында жүзеге асқан. Ауыл тұрғындары жәрдем беріп, аз уақытта екі баспана қатар ұсынылды.

«Жақсылықты бөліссең, көбейеді, деген. Сынаққа толы өмірде біздің ғұмырымыз осындай жақсы істерден тұруы тиіс. Осындай қайырымды істердің ұйытқысы боп жүрген ауыл тұрғындарына Алла разы болсын! Баспанаға мұқтаж азаматтардың ісіне Алла жеңілдік берсін. Бүгін ақ түйенің қарны жарылып, ақжолтай жаңалыққа толды. Ендеше бәрі сәтімен болғай. Біздің имамдар, қайырымды жандар осындай қысылтаяң уақытта да тоқтамай, үлгі істерін жалғастыруда. Өнеге іс жалғасын тапсын» деп Бас мүфти де ағынан жарылды. 

Қайырымдылық шарасынан кейін жаңа үйдің ауласына ағаш отырғызылды. Ауыл тұрғындары мұндай игі шараның алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ қайырымдылық шара барысында ауыл ауруханасына 1 ИВЛ аппараты беріліп, 10 отбасыға азық-түлік таратылды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: