Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков француздық Шарли Эбдо сияқты басылымның Ресейде пайда бола алмайтындығына сенімді. Ол Ресейде 20 миллионға жуық мұсылман тұратындығын ұмытпауға шақырды.
⠀
«Ресей ішінара мұсылман елі екенін, Ресейде 20 миллионға жуық мұсылман өмір сүретінін ұмытпайық. Елде басым көпшілігі - христиан дінін ұстанады, бірақ біздің елдің бірегейлігі оның көп ұлттылығымен және көп конфессиялық сипатында. Барлық дін бір-біріне деген құрметпен өмір сүреді», - деп атап өтті Песков.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы діндарлардың сезімдерін қорлау фактілеріне де, діни негіздегі қылмыстарға да жол берілмейтін деп атады.
asyldin.kz