Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Аммандағы Корольдік Ислам Стратегиялық зерттеулер орталығы жасаған «әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман» (Муслим 500) тізімінде көш бастады. Өткен жылы Түркия лидері тізімде алтыншы орынға ие болды. Рейтингтің екінші жолында Сауд Арабиясының Королі Салман бин Абдул-Азиз, одан кейін Иранның Жоғары Көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи тұр.
Әлемдегі ең ықпалды мұсылмандардың тізімінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстанның басшысы Гурбангулы Бердымухамедов және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев туралы да айтылған.
Рейтингке саяси лидерлерден басқа танымал спортшылар енгізілді: «Ливерпуль» футбол клубының және Египет ұлттық құрамасының шабуылшысы Мухаммад Салах және «Реалдың» экс-тәлімгері Зинедин Зидан.
Жыл сайын Муслим 500 құрамында беделді мұсылман ғалымдары, саясаткерлер, кәсіпкерлер, өнер, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, атақты адамдар және Құран Хафизі бар.
asyldin.kz