Фаридуддин Гәнжи-Шекер - Үндістанда жетілген әулие ұлдарынан болған. Негізгі аты Фаридуддин Масуд. Туылмай тұрып кереметтері байқалатын. Рамазанның басталатынын білдіретін жаңа ай көрінбей халық ертеңіне ораза тұтарын не тұтпасын білмей тұрған еді. Гәнжи Шекердің әкесі Жемаледден Сулейманнан пәтуә сұрауға келеді.
Сол мезетте бір кісі шығып: «Неге абыржып жатсыңдар? Бүгін түнде Жемаледдин Сулейманның үйінде бір бала туылды. Егер бала бүгін түннің жартысынан кейін анасын ембеген болса, онда ай көрінді дегенді білдіреді,» – дейді. Сәре уақытында Жемаледдин Сулейманның үйіне барып, анасынан түн ортасынан кейін баланың ембей қалғанын сұрап білген жұртшылық ауыздарын бекітті. Рамазан айы бойынша бұл бөпе күндіз анасын ембеді. Тек қана ауыз ашатын уақытпен сәре уақыттары арасында ғана еметін.
asyldin.kz