Шайтанға жол ашатын қарапайым сөз

Шайтанға жол ашатын қарапайым сөз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер адам "егер бұлай болғанда" деген сөзді айтса, онда оған күнә жазылмайды. Ал, адам мұны өкінішпен айтса, мысалы, Алланың разылығына бөлену мүмкіндігі жіберіліп алынғанын түсініп, онда бұл жағдайда тіпті жақсы болады. Өйткені адам осылайша, өз қатесін мойындайды. Бірақ адам бұл сөзбен тағдырмен келіспейтін сезімде айтса, онда осы жағдайда ол қателеседі.

Мысалы, кейде адамдар: «Оой, егер мен мұны жасамасам!» немесе «Туй, егер мен ол жаққа бармасам!» - дейді.  Мүміннің мұндай сөздерден аулақ болғаны абзал. Бірақ, айта кетейік, мұндай жағдайларда «егер» деген сөз емес, адам Алла Тағаланың тағдырына мойынсұнбауы үшін кінәлі. Демек, бұл сөздерді қандай сезіммен айтатыны маңызды: өкінішпен немесе қабылдамай.

Бір хадисте: «Аллаға тәуекел етіп, кәсіпке кірісіңіз және дәрменсіздікке берілмеңіз. Істің соңында «егер мен бұлай істегенімде» деп айтпаңыз, керісінше: «Алла осыны қалады» деп айтыңыз. "Ах, егер" деген сөздер шайтанға жол ашады» (Муслим) деген.

Сондықтан Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын): «Мен "ех, бұлай жасағанда мынадай болар еді" деп айтқанымша, аузыма көмір тас салып алғаным жақсы» деген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: