Қытайда қажылыққа ниет білдірушілер емтихан тапсырады

Қытайда қажылыққа ниет білдірушілер емтихан тапсырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытай билігі ел мұсылмандары үшін қажылықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне өзгертулер енгізді. The Times газетінің хабарлауынша, бұдан былай мұсылмандар үшін қасиетті жерлерге жеке қажылық сапарларын ұйымдастыруға тыйым салынады және мұндай іс-шаралардың барлығы Қытайдың мемлекеттік ислам қауымдастығы арқылы тіркелуі керек.

Сонымен бірге қажылыққа барғысы келетіндердің бәрі бірдей оған кіре алмайды. Потенциалды қажыларға отансүйгіштік тесті және рұқсат алу үшін Қытай заңдарын білу және сақтау талап етіледі. Сонымен қатар, қытайлық шенеуніктер қажыларды сапарға шығарып салады. Бұрын Қытай билігі GPS-трекерлерді қолданып, қытай қажыларының шет елдерде қай жерде жүргендігін қадағалап отырды.

Жаңа ережелерді бұзғаны және қажылықты өз бетімен орындауға әрекеттенгені үшін ереже бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Қытай билігінің пікірінше, бұл ережелер «дін мен сенім бостандығын қорғайды, Қытай діндерін синицирлейді, қажылық мәселелерін реттейді және қажылықтың қалыпты тәртібін қамтамасыз етеді».

The Times газетінің хабарлауынша, Қытайда 20 миллионға жуық мұсылман тұрады және Қытай квота жүйесі бойынша Сауд Арабиясынан жыл сайын қажыларға 12 мыңға жуық орын алады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: