30 жыл бойы Огайодағы мұсылмандар мен мұсылман еместер жыл сайын Ислам күнін атап өтіп келеді. COVID-19 пандемиясы көптеген іс-шаралардың жойылуына себеп болғанымен, Огайо Ислам Кеңесі (ICO) бұл шараны биылғы жылы интернетте атап өтуге бел буды.
«Өткен жылдары бұл дәстүр өте тиімді және сәтті болды. ICO бұл дәстүрді жалғастырады, сондай-ақ Огайо штатының шенеуніктерімен байланысты таза және шынайы тұрғыда исламды насихаттау мақсатында байланыстарды нығайта береді», - делінген ICO сайтында.
Биылғы шараның тақырыбы «Нәсілдік әділеттілік: моральдық міндеттеме». Іс-шараның мақсаты - мәдениетаралық және этносаралық диалог.
asyldin.kz