Болливуд жұлдызы шоу-бизнестен кетті

Болливуд жұлдызы шоу-бизнестен кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Болливудтың танымал әртісі Сана Хан шоу-бизнестен кетуге шешім қабылдады және өзін рухани құндылықтарға арнады. Үндістандық мұсылман әйел өзінің шешімін Instagram парақшасында жариялады.

Бұл әлемдегі барлық мақтаулар Аллаға болсын! 

Ағалар мен әпкелер!

Бүгін мен сіздерге өмірімнің шешуші кезеңінде өтініш білдіремін. Мен көптеген жылдар бойы шоу-бизнестің (киноиндустрия) өмірімен өмір сүріп келемін және осы уақыт ішінде  жанкүйерлерімнің барлық атақ-даңқымен, абыройымен және байлығымен марапатталдым, сол үшін алғыс айтамын. Бірақ бірнеше күннен бері мен мынаны түсіндім: адамның бұл дүниеге келуінің шынайы мақсаты шынымен байлық пен даңққа ұмтылу ма?

Өмірін мұқтаждар мен дәрменсіздерге қызмет етуге арнау оның міндеті емес пе? Адам кез-келген сәтте өле алатынын білуі керек емес пе? Ол осы дүниеден кеткенде оған не болатынын ойлаңыз?

Мен көптен бері осы екі сұраққа жауап іздедім, әсіресе екінші сұраққа: өлгеннен кейін маған не болады?

Бұл сұрақтың жауабын өз дінімнен іздегенде, бұл дүниедегі өмір шынымен де өлімнен кейінгі өмірді жақсарту үшін екенін түсіндім. Адам өзінің Жаратушысының бұйрығымен өмір сүріп, байлық пен атақ-даңқты жалғыз мақсат етпесе жақсы болар еді. Керісінше, ол күнәһар өмірден аулақ болып, адамзатқа қызмет етіп, Құдай көрсеткен жолмен жүруі керек.

Сондықтан, мен бүгіннен бастап шоу-бизнестегі өмір салтыммен мәңгілікке қоштасуға, адамзатқа қызмет етуге және Раббымның нұсқауларын орындауға бел будым деп мәлімдеймін. Барлық бауырлардан, менің тәубемді қабыл етіп, менің ниетіме сәйкес өмір сүруіме шынайы қабілет беруі үшін маған Алладан дұға етуін сұраймын.

Сонымен қатар бауырлар, маған шоу-бизнеске қатысты кез-келген мәселеде кеңес бермеуіңізді өтінемін.

Үлкен рахмет!

Сана Ханның Инстаграмдағы аккаунтынан алынған сурет

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: