Хадистердің бірінде былай келтірілген: «Келешекте мынандай бір бүлік пайда болады. Бұл бүліктің кезінде тек жүректері Алланың ілімімен нұрланғандардан басқалары мүмін болып таң атырып, кәпір күйінде кеш батыратын болады». Аталмыш бүліктің алғашқы соққысы адамның жүрегі мен иманына тиеді, сол себепті бір күнде немесе бір түнде бұл екеуінің өзгеріп тұратындығы сондай, адам мүмін күйден кәпір күйге өтіп кететін болады. Сондықтан пайда болған беймаза сигналдарды байқай білу қажет. Қандай белгілер иманның әлсіздігін білдіреді? Олар көп те болуы мүмкін, алайда біз алты белгісін атап өтеміз:
1. Күнаға құштарлық әрі тыйым салғанды жасау;
2. Жүрек қатыгездігі;
3. Діни міндетерді немқұрайлы, ықылассыз орындау;
4. Құлшылық жасаудағы жалқаулық пен селқостық;
5. Тыныстың тарылуы, көңіл-күйдің құбылмалығы, депрессия;
6. Алла Тағаланың заңдарын бұзуға немқұрайлы қарау.
asyldin.kz