Роботтар Қағбаны зарарсыздандырады

Роботтар Қағбаны зарарсыздандырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке мешітін зарарсыздандыру және оны коронавирус пандемиясы кезінде бактериялардан қорғау үшін автоматтандырылған ақылды робот іске қосылды.

Меккедегі Ұлы мешіттің аумағында зарарсыздандыру, қоршаған ортаны қорғау және эпидемиямен күресу үшін қолданылатын робот жоғары ажыратымдылықпен бір мезгілде оқшаулау және картаға түсіруді автоматтандыру (SLAM) жүйесімен жұмыс істейді. Роботты іске қосқаннан кейін, екі қасиетті мешіттің президент әкімшілігінің басшысы шейх Абдул Рахман Аль-Судаис дәл роботты қолдану коронавирус пандемиясы мен басқа да эпидемиялардың таралуын тоқтату ісіне үлкен үлес қосады деп мәлімдеді.

SLAM роботы толығымен автономды, бөтен ортада өзінің датчиктерін қолдана отырып, сыртқы ақпаратсыз жүре алады. Ол адамның араласуынсыз бес-сегіз сағат жұмыс істейді. Құрылғыға 23,8 литр дезинфекция сұйқтығын құюға болады, шамамен екі литрді шашыратуға бір сағат кетеді, сонымен қатар бір уақытта 600 шаршы метр жабық аумақта бактерияларды жоюға болады.

Құрылғыда картаға түсіруге арналған жоғары сапалы радиолокациялық камерасы бар, халықаралық сертификаттарға ие болды, оның ішінде Еуропалық CE таңбасы бар.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: