Ташкент қоғамдық орындарда хиджаб киюге салынған ресми тыйымды алып тастауды жоспарлап отыр. Олий Мажлис депутаты Русул Көшербаев журналистерге берген сұхбатында «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын заң шығарушы палатасы бірінші оқылымда қабылдағанын айтты.
Парламентарийдің айтуынша, құжатта қоғамдық орындарда азаматтардың діни киіммен жүруіне тыйым салуды жою қарастырылған. Қазіргі уақытта елде Өзбекстанның барлық азаматтарына осындай тыйым салынған, тек дін мамандарынан басқа.
Сонымен қатар, депутаттардың діни білім беру мекемелерінде барлығына кәсіптік білім алу құқығын беруді, сондай-ақ ата-аналарға балаларына өз бетінше діни тәжірибе негіздерін үйретуге мүмкіндік беруді ұсынатыны туралы хабарланды. Заң жобасы үш оқылымда қаралып, парламент мүшелері мақұлдаған жағдайда Сенатқа жіберіледі.
asyldin.kz