Алдыңғы күні, 4 қазанда Сауд Арабиясының билігі Меккедегі Аль-Харам мешітін ашты. Ашылудың бірінші кезеңінде Үлкен мешітте күн сайын 6 мыңға дейін келушілерді қабылдауға рұқсат етіледі. Ол тек Сауд Арабиясының азаматтарына ашық болады. Әр сенушіге қажылықты өтеуге 3 сағат беріледі. Үлкен мешіт күніне бірнеше рет залалсыздандырылады.
Келушілер мешітке намаз оқуға кірер алдында, көп адамдар жиналмас үшін арнайы бағдарлама арқылы белгілі бір уақыт пен күнді рәсімдеп, сақтап қою керек. Сонымен қатар, келушілер қосымша арқылы өздерінің көлік құралдарын таңдай алады. Екінші кезең 18 қазанда басталады, сол кезде қажылардың рұқсат етілген саны 75% дейін өседі.
Басқа елдерде тұратын мұсылмандар қажылыққа 1 қарашадан бастап рұқсат алады. Шетелдіктердің саны тәулігіне 20 мыңнан, ал мұсылмандар саны - 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі Пандемияға қарсы Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі енгізген нұсқаулар мен шектеулерді үнемі бағалайтын болады.
asyldin.kz