Ер болсын, әйел болсын шариғатта шаш қиюға тыйым жоқ. Оған дəлел ретінде Муслимде келген Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисін айтсақ болады. Ол хадисте: «Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын қысқартатын еді», – делінген. Бул хадиске тусініктеме берген ислам ғұламасы имам Нәуәуи (р.а.): «Бұл хадис әйелдердің шашын аздап қысқартуына рұқсат екеніне дәлел», - деп айтқан. Сол секілді әйел кісілер өз шашын өзі қиюына да болады.
Ескере кететін нəрсе: əйелге төрт жағдайда шашын қысқартуға болмайды.
1) Əйелге ерлер секілді тым қысқа етіп шашын қиюға. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелдердің ер адамға ұқсауына тыйым салған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын үш кісі бар. Олар: Ата-ананы құрметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер және өз жарын қызғанбайтын еркектер», – деген.
2) Шашын бөгде ерлерге көрсету үшін;
3) Шашын бөтен ерлерге қысқартуға;
4) Күйеуінің рұқсатынсыз қысқартуға.
muslim.kz