The Time Нью-Делиден келген 82 жастағы үнділік мұсылман әйел Билкисті 2020 жылдың ең ықпалды 100 адамының бірі деп атады. Егде жастағы әйел мұсылмандарды осы елде тұру құқығынан айыруы мүмкін деген дауды туғызған Азаматтыққа өзгерістер енгізу туралы заңға наразылық білдіру кезінде Үндістан халықының дауысы болды.
Мұсылман әйел үш айдан астам уақыт көтеріліске қатысқан. Делхедегі наразылық лагерінде отырып, ол бір қолында елтаңбаны, екінші қолында ұлттық туды ұстады.
«Билкис өз Отанында өмір сүру құқығын қорғағаны үшін темір тордың ар жағына лақтырылған белсенділер мен студенттердің көшбасшыларына үміт пен күш берді және бүкіл елдегі бейбіт көтерілісшілерге рух берді», - деп жазды үнділік журналист Рана Аюб ол туралы.
«Мен осы жерде және бүкіл әлемнің балалары әділеттілік пен теңдіктің ауасын жұтатындай етіп, тамырларымда қан тоқтағанша отырамын», - деді егде жастағы әйел журналистке.
asyldin.kz