Әлеуметтік желіде қарт мұсылман қасиетті Құранды оқып жатып қайтыс болған видео кеңінен тарап кетті. Хеброннан келген қажы Хамис Яхья Сейид Ахмед өз дүкенінде отырып, мұсылмандардың қасиетті кітабын оқып, парақтарын сүйді.
Бірнеше минуттан кейін оның жағдайы ауырлай бастады да, ол тұншығып кенеттен құлап түсті. Болып жатқанның барлығын дүкенде жұмыс істейтін бейнебақылау камералары жазып алған.
Бұған дейін біз сайтта Түркиядан келген 94 жастағы Хафиз Мехмед Али туралы айтқан едік, ол да Құран Кәрімді оқып жатқанда қайтыс болған еді.
asyldin.kz