Обаға қарсы киетін костюммен жүріп намаз оқуға бола ма?

Обаға қарсы киетін костюммен жүріп намаз оқуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы айларда күллі әлемге жайылған індет себепті адамзат баласы ауыр бір сынаққа ұшырап жатқаны белгілі. Дертке шалдығып, дем ала алмай қиналған науқастарды ақ халатты абзал жандарымыз күн демей, түн демей емдеп, қарап жатқанын теледидар, әлеуметтік желілерден көріп-ақ жүрміз.

Басынан аяғына дейін тұмшаланып, арнайы обаға қарсы киетін костюммен жүріп намаз оқып жатқан медицина қызметкерлерінің қаншама фото-суреттері әлеуметтік желіге таралып-та кеткен. Осы орайда, орынды бір сауалдың туындауы ғажап емес. Ол: «Дәреті бола тұра, бастан-аяқ, соның ішінде маңдайды да толықтай жауып тұратын арнайы обаға қарсы киетін қорғаныш костюмімен жүріп намаз оқуға бола ма?» - деген сауал.

Негізі, намаздағы сәжденің басты шарттарының бірі маңдай мен жайнамаздың арасында кедергінің болмауы болып табылады. Алайда бұл мәселеде маңдайды толықтай жабуға рұқсат беретін бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі – маңдайды ашқан жағдайда ауру жұқтыру қаупі, қорқынышы болған жағдай. Ендеше, егер шынайы түрде ауырып қалу қаупі бар кезде, қызыл аймақта кезекшіліктерін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне намазды қорғаныш костюммен жүріп оқуларына болады әрі осылай оқылған намазды қайтадан оқудың қажеті жоқ.

Ал Алла дұрысын біледі.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: