Би жөнінде шариғат не айтады?

Би жөнінде шариғат не айтады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұрақ: Қызым би билегенді өте жақсы көреді. Оны би мектебіне беруіме бола ма? Жалпы, би жөнінде шариғатта не айтылғанын білгім келеді.

Жауап: Балиғатқа толған қыздың бөтен ер адамдармен билеуіне немесе бөтен ер адамдардың алдында билеуіне болмайды, сондықтан би үйренудің сондай қажеті жоқ. Балиғат жасқа толғанша қыздар ұлдармен билеп, бірге ойнауларына болады, бірақ кішкене күнінен балаларды белгілі мінез-құлық шеңберін сақтауға үйрету қажет. Қызыңызды би билетіп қалың жұрттың алдына шығарғанша, Құран оқып үйренуге немесе аспаздық қабілетін арттыратын үйірмелерге беруге кеңес берер едік.

Ислам шариғат турасынан рұқсат етілген әрі заңды деп танылған көңіл көтеру түрлеріне шек қоймайды.  Еркектер мен әйелдер бір-бірлерінен бөлек жерде көңіл көтере алады. Алайда еркектер мен әйелдердің бірлесе отырып көңіл көтеруі рұқсат етілмегендіктен, бекітілген қағидалардың бұзылуының себебіне айналып кетуі мүмкін. Ал би — өздігінен тыйым салынған болып саналмайды.

Сонымен, егер адам діннің ұйғарымы мен тыйым салуларын сақтай отырып, шариғат талаптарына сай жерлерде бимен айналысатын болса, онда тұрған еш әбестік жоқ. Алайда бидің өзінде немесе би байқауларын өткізуде Ислам тыйым салған элементтердің болуы, оның рқұсат етілмеуіне әкеліп соғады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: