АТТ мүшелерінің онлайн-семинары өтті

АТТ мүшелерінің онлайн-семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қатысуымен онлайн-семинар өтті. 

Жиында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров сөз бастап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын, күн тәртібіндегі жоспарлар, жетістіктер мен қателіктерді тілге тиек етті. 

Ал Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбай "Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері" тақырыбында баяндама жасады. Бір мақсатта белсенді жұмыс жасап жүрген дінтанушы мамандар ұйып тыңдаған семинарда Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов дін саласындағы ақпараттық жұмысты жүргізудің практикалық тәсілдерімен бөлісті. 

Айтулы шарада аудан имамдары мен мешіттегі АТТ мүшелері де белсенділік танытты. Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев "Дін қызметкерлерімен халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері" тақырыбында сөз сөйлеп, көпшіліктің сауалына жауап берді. 

Бас қосуда жат ағымдармен жұмыс жасау барысына қажетті барлық ақпараттар тілге тиек болып, практикалық тәсілдер де ортада талқыланды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: