17 тамызда, республиканың түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар карантиндік шектеулерден босатылғаннан бастап алғашқы намазын оқу үшін мешіттерге барды.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, барлық азаматтар санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға жауапкершілікпен қарады: бетперде киіп, антисептиктерді қолданды және бір-бірінен қауіпсіз қашықтықты ұстады. Сондай-ақ, мешіттің кіреберісінде арнайы дезинфекциялық «дәліздер» орнатылды.
Бұл Өзбекстанда қатаң шектеулер қойылғаннан кейінгі жамағатпен оқылған алғашқы намаз болатындығын ерекше атап өткен жөн.
asyldin.kz