Тамақтану - ем алушының қалпына келу процесінің бір бөлігі деп есептеген Миннесота ауруханаларының бірі мұсылман емделушілері мен келушілеріне көмектесу үшін мәзірге халал ас түрлерін қосты.
«Олар рұқсат етілген тамақты жейді, бұл ауруханада жатып сауығып кетуге көмектесетініне өте қуаныштымын», - деді аспазшы Кайл Весенберг.
Бұрын мұсылман науқастардың туыстары мен достары ауруханаларға үйлерінен немесе халал мейрамханаларынан тамақ алып келуі керек болатын. Мұсылман қауымдастығымен жасалған келіссөздерден кейін денсаулық сақтау маманы Хани Джейкобсон ауруханада халал мәзірдің жоқ екенін айтты: «Бұл қауымдастық үшін өте маңызды болды», - деді Джейкобсон. Весенберг халал тамақ дайындау үшін жеке ыдыс-аяқ пен қазан қолданылатындығын айтты. Барлық қызметкерлер оны дайындауды меңгерді.
asyldin.kz