Мұсылмандарға тәркіленген мүлікті сатып алуға бола ма?

Мұсылмандарға тәркіленген мүлікті сатып алуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейде қарыз берушінің құқығын бұзбау үшін қарыз алушының мал-мүлкін сатуға тура келетін жағдайлар орын алып жатады. Пайғамбарымыздың () Муаз ибн Жабалдың (р.а.) мал-мүлкін сатып, оның қарызын жапқаны белгілі (Байхаки, ас-Суннатуль-Кубра, VI, 80). Сондай-ақ, бірде тақуа халиф Осман (р.а.) қажылардың жолында сауда жасаған бір саудагердің қарызын өтеу үшін оның мүлкін сатқызуға бұйырған.

Тәркіленген мал-мүлікті мұсылманға сатып алуға болады, егер мүлік базар бағасындай не болмаса одан төмен болған жағдайда, алайда егер тәркіленген мүлік әділетсіз төмендетілген бағамен сатылса, онда жағдай басқаша болады. Ханафи мәзхабы бойынша, мұндай сатып алу фасид болып саналады, яғни мұндай сату ислам дініне қайшы келмейді, бірақ әділетсіз төмендетілген бағамен сату – харам болып табылады (Ибн Абидин, Раддуль-мухтар, VII, 247).

Танымал шафиғи діндарларының бірі Науауидің пікірінше, мұндай сатып алу рұқсат етілген, бірақ мәкрүһ болып табылады (Науауи, Раудатут-талибин, III, 420). Мүлікті аса төмендетілген бағамен сату әділетсіздік болып табылады, тіпті қарызға батқан адамға жасалған қиянат деп те айтуға болады. Мұндай жайт оның ауыр жағдайын одан сайын қиындата түседі, сол себепті жағдайды ушықтырмай, керісінше борышкерге көмектесу үшін тәркіленген мүліктің бағасы әділетті болуы тиіс.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: