Британдық Бирмингемде үш айға созылған қатаң карантин, коммуналдық қызметтердегі үзілістер салдарынан көшелер мен саябақтарда қоқыстың жиналып қалуына әкелді. Пандемияға байланысты бір рет қолданылатын маскалар, қолғаптар, қолданылатын дәрі-дәрмектер үлкен көлемде тасталады.
Қаланың мұсылман қауымы дін оларды тазалыққа шақырады деп, қаладағы барлық саябақтарды қауіпті қоқыстардан тазартуға шешім қабылдады. Гулам Али бастаған қоқыс соғысы және оның еріктілер тобы бұл шара бүкіл қоғамға пайдасын тигізеді деп үміттенеді.
«Біз алғаш бастаған кезде топта тек екі адам болды, бірақ бірнеше аптаның ішінде олардың саны онға жетті, қызығушылық танытып, бізге қосылғандар көбейе бастады», - дейді Гулам Али.
Asyldin.kz