Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар – 7706,7 мың адам» делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: