Шәууәл айының оразасын қашаннан бастап ұстау керек?

Шәууәл айының оразасын қашаннан бастап ұстау керек?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шәууәл айының алты күн оразасын осы айдың екінші күнінен бастап ұстай беруіңізге болады. Неге екінші күннен деп сұрайтындарға – Шәууәл айының бірінші күні – Ораза айт, ал Ораза айтта ауыз бекітуге болмайды, сол себепті екінші күннен бастап қосымша оразаны ұстаған абзал.

Шәууәл айы аяқталмағанша, кез-келген уақытта алты күн оразаны ұстай аласыз, алайда қосымша ораза ұстауға асығуыңыз өзіңіз үшін жақсы, өйткені Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «...Ендеше жақсылыққа жарысыңдар...» (5:48). «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жаннатқа жарысыңдар» (3:133). «(Мұса Ғ.С): “Олар артымда, Раббым, разы болуың үшін Саған асықтым” деді» (20:84).

Ораза айттан кейін бірден қосымша оразаны бастап кету міндетті емес, өзіңіз қалаған уақытта Шәууәл айы бітпей тұрып ұстасаңыз болады. Алты күнді қатарынан немесе бөліп-бөліп ұстай беруіңізге болады – бұл жерде әр адам өз жағдайына, шама-шарқына қарай ұстай береді.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: