Сондай-ақ, біріншілерден – Саꞌид ибн Зайд әл-ꞌӘдауи әл-Құрайыш[1] және оның әйелі Фатима, әл-Хаттабтың қызы, Омардың қарындасы. Үммү әл-Фадл Любаба, әл-Харис әл-Хиләлидің қызы, Аббас ибн Абдул-Мүтәлібтің әйелі.
Убайда ибн әл-Харис ибн Абдул-Мүтәліб ибн Әбду-Манаф[2], Алла Елшісінің (ﷺ) немере ағасы. Әбу Селм ибн Абдулла ибн Абдул-Асад әл-Мағзуми әл-Құрайыш[3], Алла Елшісінің (ﷺ) апайының ұлы және оның әйелі Үммү Селма. Осман ибн Мазꞌун әл-Джумах әл-Құрайыш[4] және оның бауырлары Кудама мен Абдулла. Және әл-Аркам ибн Әбу әл-Аркам әл-Мағзуми әл-Құрайыш.[5] Сондай-ақ, жақсылықта басқаларды басып озғандардың ішінде[6] Халид ибн Саꞌид ибн әл-ꞌАс ибн Умайя ибн Әбду-Шамс әл-Умауи әл-Құрайыш болды. Оның әкесі ең құрметті құрайыштардың бірі болған, ол болған жерде адамдар оған деген құрметтен сәлделерін алатын болған. Халид ибн Саꞌидке шыңырауға міне-міне құлайын деп жатқан түс кіреді, бірақ Алла Елшісі (ﷺ) оны ұстап, өлімнен сақтап қалады.
Халид одан: - Мұхаммед, сен осы неге шақырып жүрсің? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай жауап береді: - Мен сені серігі жоқ, Жалғыз Аллаға құлшылық етуге, істеп жүргендеріңнен бас тартуға шақырамын: сені естімейтін, көрмейтін, не залалын, не пайдасын тигізе алмайтын тасқа құлшылық етуіңнен, ата-анаңа жақсы қарауыңа, кедейліктен қорқып өз балаңды өлтірмеуге, айқын және жасырын жексұрындықтарға жоламауға, Алламен тыйым салынған, адамдарды өлтірмеуіңе, заңдылық бойынша өлу бөлек, жетімдердің мүлкіне қол салмауыңа, тек олар ер жеткенше, олардың игілігі үшін қолдану басқа, тауарды өлшеуде және таразылауда адал болуға, адамдарға әділ болуға, тіпті сен жақыныңа пікір айтар болсаң да, өз уәдеңді орындауға. Осыдан кейін Халид (р.а.) Исламды қабылдайды. Мұны біліп қойған оның әкесі ашуланып, оны асыраудан бас тартады. Сонда Халид Алла Елшісіне (ﷺ) келеді, әрқашан оның қасында болып, әкесінен тығылып Мекке төңірегінде, оның үйінде өмір сүрді. Одан кейін оның бауыры Амр ибн Саꞌид Исламды қабылдайды. Осылайша бұл мейірімді адамдар мұсылман болған еді.
Қорланып, оған бағынатындай, Алла Елшісінде (ﷺ) олардың бастарын шауып тастардай сес көрсететін семсері болмаған. Осы ұлы адамдар өз әкелерін тастардай, оның ештемесі болмаған, олардың көбі бай болған және де Пайғамбарымыздың (ﷺ) соңынан оның байлығына қол жеткізу үшін ермеген. Өйткені олардың көбі Әбу Бәкір, Осман, Халид ибн Саꞌид және басқалар сияқты одан анағұрлым бай болғандар.
Ал Пайғамбарымыздың (ﷺ) соңынан ергендері үшін, азат етілгендер азаптар, аштық пен қиыншлықтарға тап болған. Егер олар көпшіліктің соңынан ергенде, олар тыныш та жайлы өмір сүрер еді. Осының бәрі Алланың бағыт көрсетуінің және дін сәулесімен нұрландыруының арқасында, сол себепті олар өз адасуларын қабыл алмай, Алла Елшісінің (ﷺ) әкелген ақиқатының соңынан ерген.
[1] Ол қоныс аударғандардың (мұхажирлер) біріншілерінен болған, Исламды оның үйінде қабылдаған Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а.) бұрын қабылдаған. Ол Бәдір шайқасына қатыспаған, себебі сол кезде ол Шамда болған. Тірі күнінде Жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның бірі. Оның дұғаларын Алла қабыл алған. Ол 70-тен асқан жасында, хижра бойынша 55-ші жылы Муауидің (р.а.) билік еткен кезінде қайтыс болып, Мәдинеге жерленген.
[2] Исламды бауырлары Туфайл және Хусайнмен бірге қабылдаған, жауынгер-мұсылмандардың ең үлкені болса да, Бәдір шайқасына қатысқан. Аяғынан жараланады және осы жараның салдарынан алпыс үш жасында қайтыс болады.
[3] Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүт ағасы болған. Әйелі Үммү Селмамен бірге Эфиопияға хижра жасаған он бір мұсылманның бірі болады. Бәдір шайқасына қатысқан. Пайғамбарымыз (ﷺ) әл-Ушайраға жорығы кезінде оны Мәдиненің наменгері етіп қалдырған. Хижрадан кейін 3-ші жылы қайтыс болған.
[4] Мәдинеде қайтыс болған мұхажирлердің біріншісі болып, Бәдір шайқасында көз жұмған және бірінші болып әл-Бакыꞌ зиратына жерленген.
[5]Сафа төбесінің маңындағы оның үйі, «дар әл-Аркам», тарихтағы мұсылмандардың жиналатын бірінші орны болды, сол жерде олар намаз оқитын, Құран оқитын және т.б. Пайғамбарымыз (ﷺ) онда біршама уақыт тұрған. Әл-Аркам (р.а.) хижра бойынша 55-ші жылы қайтыс болған.
[6]Бұл мынандай мағынасы бар Алла Тағаланың сөздерін көрсетеді: «Озаттар алдынғы қатарда болады. Міне солар, Аллаға жақын болғандар» («Уақи’а» сүресі, 10-12 аяттар)».
asyldin.kz