«Аль-Арабия» эфирінде Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің өкілі Талал аль-Шалхуб елде 22 мамырдан бастап қозғалысқа толық тыйым салынғанын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сағат 17.00-ден бастап патшалықтың барлық қалалары мен аудандарында қозғалысқа толығымен тыйым салу бойынша бұрын жарияланған шаралардың орындалуын бақылауды бастады. Бұл шектеу 27 мамырға дейін қолданылады, деп хабарлайды Gazeta.ru
Рамазан айында мұсылмандық ораза айының аяқталуын атап өту үшін елде бес күндік қозғалысты тоқтату туралы шешім коронавирустың тез таралуына байланысты қабылданды. Соңғы 24 сағат ішінде патшалықта COVID-19-нің 2 642 жағдайы ашылды.
asyldin.kz