«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ АРНАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ХАБАР ТАРАТТЫ

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ АРНАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ХАБАР ТАРАТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы екінші жыл қатарынан Қадір түнінен тікелей трансляция жасады.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ат басын тіреген ұлттық арнаның көшпелі студиясы екі жарым сағат тынбай хабар таратты. Мемлекет, қоғам қайраткерлері, дін мамандары, әдебиет және өзге сала өкілдері қонақ болған хабарда ізгі тілек те айтылды, танымдық ақпарат та берілді.

Бұдан бөлек, ұлттың үні болған «Qazaq radiosy» да Қадір түнінің құрметіне сағат 18.10-нан бастап әуе толқынында арнайы хабар таратқанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Рамазан айы басталғалы күн сайын тікелей эфирде «Ораза қабыл болсын» бағдарламасын көрермен назарына ұсынып келеді. Бағдарламаға ҚМДБ мамандары қатысып, көрерменнің сауалына жауап беріп жүр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: