Алланың Құіреті

Алланың Құіреті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының табиғаты қызық қой, шіркін! Неге дейсіз бе? Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан көмек сұрайды ғой ол. Жаратушы тұрғанда жаратылғанға құдайдай сеніп, сиынады ғой ол.

Жаратушы тұрғанда атқамінер туған-туысының күштілігін айтады ғой ол. Жаратушы тұрғанда жаратылған бай туысының байлығын айтып аузынан суы құрып отырады ғой. Бұл дүниеде ең бай болған Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) дәулеті тасып тұрса да ол бұл байлық тек Алла Тағаланың құлына берген сыйы екенін түсініп, Алла алдында басын иіп, Жаратушының Құдіретіне шек келтірмеген. Ал қазіргі кездегі кейбір адамдардың қорасына 3-4 жылқы, он шақты сиыр, 50-60 қой бітсе, жан баласын менсінбей, шырт-шырт түкіріп, «біздің мұртымызды балта шаппайды», - деп жүргені.

Осындай жандарды көргенде: «Өз күшіне не болмаса мықты бір лауазымда отырған туысына сенген адам, айналып келгенде, міндетті түрде өзінің әлсіздігімен жүздеседі. Ал Алла Тағалаға иман келтіріп, Аллаға үміт артып, тәуекел еткен жан, міндетті түрде Оның Құдіретін көріп, Мейіріміне бөленеді, ин ша Алла. Әділ Алланың Мейірімінен үмітімізді үзбейік!

Ақерке Сыдықова 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: