23 бөлім. Жасырын шақыру, 1 бөлім (жалғасы)

23 бөлім. Жасырын шақыру, 1 бөлім (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әбу Тәліб көп балалы кедей адам болған, құрайыштарға аштық келгенде Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің ағасы Аббас ибн Абдул-Мүтәлібке: - Сенің бауырың Әбу Тәлібтің бала-шағасы көп. Оның отбасына қиын соғып жүргенін көріп жүрсің. Оған көмектесіп, өзімізге оның балаларының бірін алайықшы: сен біреуін ал, мен біреуін алайын, - деп ұсыныс білдіреді.  Олар Әбу Тәлібке барып, оған өз көмектерін ұсынады. Аббас өзіне Жаꞌфар ибн Әбу Тәлібті алса, ал Алла Елшісі (ﷺ) Әлиді алады. Мұхаммедке (ﷺ) пайғамбарлық миссиясы келгенше, Әли оның үйінде басқа балалармен тең өмір сүреді. Осылайша ол балиғатқа да толады. Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) барлық істерінде қасына еріп жүрді, сондықтан да пұтқа табынушылық, кесірлі құмарлық сияқты жәһилиәт жексұрындықтары оны арамдап үлгере алмаған болатын. Сондай-ақ, Алла Елшісімен (ﷺ) азат етілген құл Зайт ибн Харис ибн Шурахбил әл-Калби де дінді қабыл алды.  Бастапқыда оны Затд ибн Мұхаммед деп атаған, өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) оны сатып алып, азат еткен және асырап алған. Исламға дейін асыранды ұлы, туған балаларындай мұрагері де, мұра бере алатындай құқыққа да ие болған. Исламды бірінші қабылдағандардың қатарында Пайғамбарымыздың (ﷺ) тәрбиешісі Үммү Айман да бар еді, оны Мұхаммед Зайтқа тұрмысқа береді.  Ал Пайғамбардың (ﷺ) отбасынан еместерден бірінші болып ақиқатқа шақырғанды қабылдаған  Әбу Бәкір ибн Абу Кахаф ибн Амир ибн Каꞌб ибн Саꞌид ибн Тейм ибн Мурра ат-Тейми әл-Құрайыш[2] болған. Ол пайғамбарлық басталғанға дейін Алла Елшісінің (ﷺ) досы болған, сондықтан да ол оның теңдесі жоқ мінезі мен шыншылдығын білген – Әбу Бәкір (р.а.) олардың достықтары басталған күннен бастап, одан бір ауыз жалған сөз естіп көрмеген еді.  Мұхаммед (ﷺ) оған өзінің пайғамбар болғанын айтқан кезде, Әбу Бәкір (р.а.) оған бірден сеніп, былай айтады: - Ант етемін, сен шыншылсың. Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне және сен — Оның елшісі екендігіңе куәлік беремін. Әбу Бәкір (р.а.) байлығы мен көркем мінезі үшін құрметті құрайыш болған. Ол ең ізгі және жомарт адамдардың бірі еді, әрқашан мал-мүлкімен көмектесіп тұратын, адамдарға онымен істес болу ұнайтын.  Осы қасиеттерінің арқасында ол Пайғамбарымыздың (ﷺ) кеңесшісі сияқты болатын.  Алла Елшісі (ﷺ) әрқашан Әбу Бәкірдің кеңестеріне құлақ қойып отыратын. Пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Бәкір (р.а.) туралы былай айтқан: «Мен Исламға шақырғандардың бәрі, Әбу Бәкірден басқалары, абдырап қалатын болған»[3]. Исламға шақыру бастапқыда жасырын жүргізілген еді, өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) мұндай қиын да маңызды хабарды арабтар дұрыс  түсінбей әрі егер оны бірден жеткізсе шақыруды қабылдамай қояр деп қауіптенген. Сондықтан да Алла Елшісі (ﷺ)алғашқыда өзі кәміл сенгендерді ғана шақырған.  Сондай-ақ, Әбу Бәкір де (р.а.) өзі сенген құрайыштарды Исламға шақыра бастаған. Олардың кейбіреулері шақыруға құлақ асқан. Олардың ішінде – Осман ибн Аффан[4] ибн Абул-ꞌАс ибн Умай ибн Абду-Шамс ибн Абду-Манаф әл-Омауи әл-Құрайыш. Османның ағасы әл-Хакам оның Исламды қабылдағанын біліп, оған бұғау салып қояды да былай айтады: - Сен ата-баба дінінен теріс айналып, ойдан шығарылған жаңа дінді қабылдадың!  Алламен ант етемін, оны тәрк етпейінше, мен сені босатпаймын!    Оған Осман былай жауап қатады: - Алламен ант етемін, мен одан бас тартпаймын да, безбеймін де!   Жиенінің өз ақиқат дініне берік екенін көрген әл-Хакам, оны босатып жібереді. Сол кезде Осман отызды артқа қалдырған жігіт ағасы еді.


[1]  Сол кезде ол онға толған еді. Ибн Исхак оның Исламды қалай қабылдағаны туралы мынандай әңгіме келтірген: Әли сол кезде Пайғамбарымыздың (ﷺ) қолында тұрған. Бір күні ол Пайғамбарымыз (ﷺ) бен Хадиша анамыздың (р.а.) намаз оқып жатқандарын көреді. Ол: - Мұхаммед, бұл не? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай жауап береді: - Бұл Алланың діні, оны Өзі орнатқан және онымен бірге Өзінің елшілерін жіберген. Мен сені Жалғыз Аллаға шақырамын, Оған құлшылық етуде, Оның серігі жоқ. Әл-Лат пен әл-Ұззадан бас тарт.

Әли бұған былай айтады: - Осы күнге дейін бұл туралы ештеме естімеген едім. Әбу Тәлібпен ақылдаспай, мен шешім қабылдай алмаймын. Бірақ Пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Тәлібтің оның құпиясын әзірге білмегенін қалап еді, сондықтан да ол былай айтады: - Әли, егер Исламды қабылдамасаң, оны жасыра тұр. Әли (р.а.) түнімен ойланып, нәтижесінде Алла оның жүрегін дінмен нұрландырған еді.

 

[2]                     Әбу Бәкір ас-Сыдық (р.а.)  Пайғамбардан (ﷺ) кейінгі ислам үмбетіндегі адамдардың ең жақсысы, ол григориан жыл санауы бойынша 573 жылы туған.  Ғалымдардың көпшілігінің пікірлеріне сәйкес, оның рас аты, –  Абдулла ибн Осман. Басқа пікірлер бойынша, оның аты - ꞌАтик. Ол – тақуа халифтердің біріншісі әрі Алла Елшісінің (ﷺ) үңгірдегі және хижра уақытындағы серігі. Оның күниясы – Әбу Бәкір, ол өзінің адамгершілік қасиеттерінің бірегейлігінен (ибтикар) осылай аталып кеткен.

[3]  Әл-Байхакы «Дәләл ән-нубуввада» (2 т, 164 б.) және Ибн әл-Асир «Джамиꞌ әл-усулде» келтірген.

[4] Ол Піл жылынан кейін алтыншы жылы туған, хижраны Эфиопияға әйелі Рұқиямен бірге жасаған. Ол Бәдірде шайқаспаған, өйткені Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұйрығы бойынша науқас әйеліне қараған.  Үшінші тақуа халиф және тірі күндеріне Жұмақ нәсіп етілген он сахабаның бірі. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: