Бурж Халифа қайырымдылық қорына айналды

Бурж Халифа қайырымдылық қорына айналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайдағы ең биік ғимарат - Бурдж Халифа ғимараты алып қайырымдылық қорына айналады. Бұл бастама пандемия кезінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түліктік қолдау көрсетуге бағытталған 10 миллиондық азық-түлік қайырымдылық акциясының бөлігі болып табылады.

Әр қайырымдылықты небары 10 дирхам (2,7 АҚШ доллары) көлемінде жасаған кезде, азық-түлік сәлемдемелерін білдіретін 1,2 миллион жарықдиодты шамдардың бірі тіреуіш ғимараттың беткі жағында жанады.

Біртіндеп Дубайдың дәл орталығында орналасқан биіктігі 828 метрлік ғимараттың бүкіл қасбеті жарқырап тұрады. 3 мамыр, 2020 жексенбі күні 176 мың қайырымдылық жасалды.

Бурдж Халифа ғимаратындағы жарық шамдары аз қамтылған отбасылар мен коронавирустың өршуі кезінде табысын жоғалтқан адамдар үшін нағыз үміт шамына айналады.

Айта кету керек, әмірлік экономикасының негізгі қозғаушылары - бұл пандемиядан зардап шеккен сауда, туризм және жылжымайтын мүлік. БАӘ-де жұмысынан айрылған немесе жалақысыз демалыста жүрген миллиондаған шетелдік жұмысшылар тұрады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: