Карантиге қарамастан Дубай көшелерін Рамазан айына жарқыратты

Карантиге қарамастан Дубай көшелерін Рамазан айына жарқыратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайдың Туризм және коммерциялық маркетинг департаменті қасиетті Рамазан айының құрметіне әмірліктің көшелерін мерекелік жарықпен безендірді.

Айта кету керек, ағаштар мен көгалдардағы геометриялық құрылымдардағы түрлі-түсті гирляндтар түріндегі әшекейлер туристердің болмауына және белгіленген карантиндік режим мен қозғалыс шектеулеріне қарамастан пайда болды.

Бүгін мерекелік шамдар әмірліктің жартылай бос көшелерін безендіруде. Біріншіден, COVID-19 басталуына және алдын-алу шараларын жүзеге асыруына байланысты дәстүрлі Рамазан шатырларының жұмысы биыл тоқтатылды. Сонымен қатар, түнде, 22:00-ден 06:00-ге дейін, зарарсыздандыру бағдарламасына байланысты жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынады.

Айта кетейік, бұған дейін Дубайдың Туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің басшысы Хелал Аль Мюррей әмірлік халықаралық туристер үшін 2020 жылдың шілдесінде ашыла алады деп хабарлаған болатын, деп хабарлайды Khaleej Times.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: