Сүннеттегі истихара. 8 бөлім.

Сүннеттегі истихара. 8 бөлім.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қысқаша мазмұны

1. Истихара – бұл біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұлы сүннеттерінің бірі. Ол өзінің сахабаларын Құранның сүрелеріне үйреткендей оған да үйретті.

2. Истихараны ұйықтар алдында орындау міндетті емес, дегенмен кейбір тақуалар әшейінде солай жасаған.

3. Истихарадан соң сіз міндетті түрде түс көрмейсіз. Егер сізге аян беретін түстер әрдайым кіретін болса, бұл жолы да кіруі мүмкін. Қарапайым адамдардың истихарадан кейін көрген түстері, басқа кез-келген түстер сияқты белгілі үш санаттың біреуіне жатады.

4. Истихарадан соң адамда болатын жанның бейімділігі немесе әлдебір сезім, міндетті түрде оның жасаушысы болмайды. Кімдерде мұндай иландырулар (ильхам) жиі болып тұрса, истихарадан соң да мұндай ильхамдар болуы мүмкін.  Қарапайым адамдар истихарадан соң болатын сезімдерге көп мән бермеулері керек. 

5. Ең жақсысы дұға айтардың алдында мүмкіндігінше көбірек рәкағат орындау. Ең аз дегенде екі рәкағат — бұл истихараның сүннеті. 

6. Мүлде намаз оқымай-ақ та истихараны орындай беруге болады. Сондай-ақ, бұл дұғаны кез-келген парыз намаздардан соң айта беруге болады.

7. Истихара – бұл дұға түрі, сондықтан да оны іс бітпей тұрып айтуға болады. Ең жақсысы оны үш рет орындаған. Бірақ түптеп келгенде бір рет те жеткілікті.

8. Истихараны тіпті нұсқалардың біріне анық және қатты беріліп тұрғандар да жасай алады. Егер оның таңдағаны, ол үшін қайырымен болмаса, ол одан құтқарылып, қайырымдысына бағытталатын болады.

9. Истихараның мәні - ол арқылы істі Аллаға тапсырып, Оған сенуде.

10. Истихара – тәуекелге жетудің көркем амалы.

11. Адам истихара жасағанда, осы іс жөніндегі Алланың кез-келген шешіміне разы болады. Осылайша, ол Алланың шешімдеріне үздіксіз разы болуға қол жеткізеді. 

12. Истихараның алдында және одан кейін өзіңнің таңдауың туралы басқа кісімен ақылдасуға болады.  Бұл машура деп аталады, бұл да сүннет.

13. Истихараның шынайы нәтижесі – бұл не болатыны.

14. Истихараның ең қысқа түрі:

اللهم خر لي واختر لي

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: