Истихараның құпиялары мен маңыздылығы. 5 бөлім

Истихараның құпиялары мен маңыздылығы. 5 бөлім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Истихараның құпиялары мен маңыздылығы

Истихараның мақсаты мен беретін пайдасын түсіндіріп Шаббир Ахмад Усмани (оған Алланың рақымы болсын) бұл қысқа дұғаның сөздерінде жасырылған құпиялары туралы айтып берді. Ол Хафиз Ибн Таймиййдің (оған Алланың рақымы болсын) сөздерінен  оның шәкірті  Ибн әл-Каййим (оған  Алланың рақымы болсын) «Мадаридж ас-салихин» кітабында үзінді келтіреді. Ибн әл-Каййим (оған Алланың рақымы болсын) былай жазады: «Біздің шейх айтқан: «Жазмышты тәуекелмен қабылдау керек, жайт болмай тұрып және рада, жайт орын алған соң («тәуекел» толығымен Аллаға сенім артуды білдірсе, ал «рада» - Алланың шешіміне разы болуды білдіреді). Осылайша, жайт орын алмай тұрып, кім Аллаға толығымен сенім артса және Алланың кез-келген шешіміне разы болса, онда ол «ʼубудийя» талаптарын орындады, яғни Алла Тағалаға құлша қызмет еткен болып саналады».

Одан әрі Ибн әл-Каййим түсіндіреді: «Сонымен, истихара дұғасының мағынасы мынадай: «Уа, Алла, Сенің Білімің арқылы Сенен өзіме қайырлысын/жақсысын іздеймін, Сенің Құдіретің арқылы Сенен қабілеттілік іздеймін, Сенен Сенің ұлы Жомарттығыңды сұраймын».

Дұғаның бұл бөлігі тәуекелге (Аллаға сенім артуға) және тафуидке (барлық ісін Аллаға тапсыруға) қатысты.

Дұға былай жалғасады: «Расымен, Сенде Құдірет бар, менде жоқ; Сен бәрін Білесің, мен білмеймін және Сен ғайыпты Білесің». Бұл Алла Тағаланың алдында сұраушының білімінің, күші мен құдіретінің жеткіліксіздігін мойындауы және Алланы Оның есімдерінің біреуімен атауы. Алла бұндай дұғаларды басқаларға қарағанда жақсы көреді. Содан кейін адам өз Тәңірінен  оның тілегін орындауын сұрайды, егер жақын және сонау келешекте нәтижесі қайырыммен болса және одан сақтауын сұрайды, егер бұл өтініштің орындалуы жақын немесе сонау келешекте оған кесірін тигізер болса.  Бұл оның Алладан сұрайтыны, сәйкесінше, ол Алланың кез-келген шешіміне разы болады. Сондықтан да ол дұғада айтады: «...қайда болмасын маған игілік беріп, менің оған разы болуыма бұйыршы». Осылайша, бұл дұға дінді шынайы түсінуімен орындалады, тәуекел мен тафуидті қамтиды, бұйырылған жайт орын алмағанша және одан кейін рада, өздігінен тәуекелдің нәтижесі болып табылады. Мауляна Шаббир Ахмад Усмани (оған Алланың рақымы болсын) жоғарыда келтірілген дәйексөзге былай түсінік береді: «Хафиз Ибн Каййимнің (оған Алланың рақымы болсын) сөздерінен түсінгендеріңіздей, истихараның дұғасы — бұл шынайы тәуекел сабағы және анағұрлым жоғары дәрежеде болу, сондай-ақ, дұғаны оқитын әркім тәуекел етеді, яғни Аллаға сенім артатындығын білдіңіздер: «Ал кім Аллаға тәуекел етсе, сонда Ол, оған жетіп асады» (65:3).

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: