Түркітілдес елдер Абайдың мерейтойын атап өтеді

Түркітілдес елдер Абайдың мерейтойын атап өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қырғыз елінің Ош қаласында өткен Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымы Мәдениет министрлерінің 37-отырысына қатысты.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, шара барысында Нұрғиса Дәуешов Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған жобаны таныстырды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен өзге де ұйым мүшелері таныстырылымнан соң 2020 жылды түркітілдес елдерде ақынның мерейтойын атап өтуді бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ, министрлер осы жылы бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдениет, өнер саласындағы байланыстар жайын талқылады. Отырыс барысында 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болып Өзбекстанның Хиуа қаласы белгіленді.

Іс-шараға Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашев, Түркия Мәдениет министрінің орынбасары Нәдір Алып Аслан, Әзірбайжан Мәдениет министрінің орынбасары Рафиг Байрамов, Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова, Түркіменстан Мәдениет министрінің орынбасары Гурбанмұрад Мырадалиев, ТҮРКСОЙ ұйымы елдеріне қарасты мемлекеттерден келген өзге де мәртебелі қонақтар қатысты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: