Ташкентте «Даналық әлемі» II Республикалық каллиграфия фестивалі өтеді

Ташкентте «Даналық әлемі» II Республикалық каллиграфия фестивалі өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

13-14 сәуір аралығында Ташкентте, Жастар өнері сарайында «Даналық әлемі» ІІ Республикалық каллиграфия фестивалі өтеді.

Бүгінде Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының, Ташкент ислам университетінің және Камолиддин Бехзад атындағы ұлттық бейнелеу өнері және дизайн институтының студенттері шығыс каллиграфиясын зерттеп жатыр.

Фестиваль бағдарламасында каллиграфтың жұмыстарының көрмесі, көркем жазу бойынша шеберлік сыныптары, фестиваль қатысушыларының байқау-шолуы, шығыс бейнелеу өнерінің мұражай экспонаттарының фотокөрмесі, түрлі тренингтер және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.

Байқау мен көрмелер ағаш кесу, ганч, мыс ою, миниатюралар, керамика, алтын кесте, кесте тігу, кітап өнері сияқты салаларда өтеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: