БАС МҮФТИ 55 ИМАМҒА КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ 55 ИМАМҒА КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында тәлім алып жатқан дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Оқу ордасындағы арнайы курсты тәмамдаған дін қызметкерімен сұхбаттасқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: "Сіздер халықтың діни сұрағына жауап берумен қатар, оларды тәрбиелейтін тұлғасыздар. Өйткені, Алла Тағала «Әли-Имран» сүресінің 110-аятында:

«Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер» – деген. Жақсылыққа шақыру – пайғамбар жолы. Сондықтан, пайғамбар жолын жалғастырушы сіз бен біз халықты ізгілікке үндеуде ыждаһаттылық танытуымыз тиіс. Алла Тағала баршамызға білім мен даналық нәсіп еткей», - деді.

Дәрістен кейін Бас мүфти 55 имамға арнайы куәлік табыстап, бұқаралық ақпарат құралдарына Діни басқарманың имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру бағыты бойынша жүзеге асырып келе жатқан бірқатар жұмысы туралы сұхбат берді. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы оқу ордасының жұмысын жүргізіп, игі шараларға бастама болып келе жатқан институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлына мүфтият атынан кәде-сыйын табыстап, алғысын жеткізіп, барша дін қызметкеріне дұға жасады.

 muftyat.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: