Бүгін Ескі-Шу ауылдық округі бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты, Белбасар ауылы, Хати Сауранбай мешітінің имамы, Исаков Данияр ауыл әкімшілігі аппарат жетекші мамандары және жастар инспекторларымен бірлесе отырып, «Достық пен Бірлік кез келген діннің негізі» атты тақырыпта, аталмыш ауылда орналасқан Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Имани жүздесудің куәсі болған мектеп оқушылары имамның уағызын ұйып тыңдап, көкей кесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі