Мешіт кітапханасына 4000 кітап тарту етілді (фото)

Мешіт кітапханасына 4000 кітап тарту етілді (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшылығы мешіт кітапханасына кітап тарту етті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ашылған кітапханада келуші оқырмандардың рухани азық жинап, керекті мәліметтер алуына қолайлы мүмкіндік жасалған. Бүгінгі таңда 4000-ға жуық кітабы бар кітапхана қорын ислам әлеміндегі білімді ғалымдардың кітаптарынан бөлек, қазақ дәстүрін баяндайтын жыр-дастандар жазылған әдебиеттермен және қазіргі заман әдебиеттерімен де толықтыру жоспарланып отыр.
kitap03
kitap04

kitap02

islam.kz
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: