Көзі қарақты оқырманға Нарвард университетінің бедел-абыройы жайында айтып жату артық болар. АҚШ-тың Кембридж қаласында орналасқан бұл университеттің Заң факультеті әлемдегі ең білікті профессорларымен аты шыққан.
Ал, осы факультеттегі кітапхана кіреберісінде заң атаулының негізгі тірегі – әділдік ұғымын қасиетті Құран Кәрім аятымен ұғындыруға тырысқан екен.
«Әй, мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Нәпсіге еріп, әділдіктен ауытқымаңдар. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші». («Ниса» сүресі, 135-аят).
Дереккөз: Muslim.kz


 01 Қараша 2025
                                    01 Қараша 2025 10 Джумада-авваль 1447
                                    10 Джумада-авваль 1447


 
         
         
         
         
                    