Есімізден шығармайық, Алламен жасаған келісім, арзан келісім емес. Біліп қойыңыздар, Алламен Жәннәтқа бару үшін жасасқан келісім өте қымбат. Жәннәт арзан емес! Адам баласы Жұмаққа лайық болуы қажет. Бізге Пайғамбарымыз (ﷺ) айтқандай «Тез». Несімен тез? Игі әрекеттермен, жақсы амалдармен. Сіздің ішіңіздегі нәпсіңіз әрекет етпе деген дүниелеріңізбен. Қазіргі таңда бізге қажеті – әрекет ету. Ниетімізге сай амал жасау. Құранда: «Аллаға ұмтылыңдар, Аллаға ұмтылыңдар! Тезірек ұмтылыңдар!»
Тирмизиден (р.а.) келген хадисте Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқандығы келтіріген: «Жақсылықтарыңызды жеті жұттың біреуі келмей тұрып жасауға асығыңыздар». Сіздерді шатастырып, Алланы ұмытқызатын кедейілікті күтесіздер ме? Кедейшілік кейде бізге Алланы ұмытқызып жіберуі мүмкін. Аш әрі қаражатсыз болғанда, біз дінді ұмыта бастаймыз. Әлде Алланың қойған шегінен шыққызатын байлық пен ақшаны күтесіздер ме? Жер бетіндегі жұмыр басты пенденің кез-келгені: егер ақша алсам, егер мен мына ақшаларды алғанда, онда мен оларды жаратар едім, - деп айтады. Білесіз бе кейде қалай болатынын? Мысалы үшін, сізде ақша бар. Сізде көп ақша бар. Сіз оны еңбек етіп таптыңыз делік. Егер нәпсі сізді басқара бастаса, онда ол сізге: «сенің бір үйің бар, саған енді екінші үй қажет дер еді». Нәпсінің айдауына беріліп сіз екінші үйді де аласыз. Одан ары сіздің ақшаңыз көбейе түседі. Нәпсі сізге: «сенің екі үйің бар. Біреуін жалға бер де, үшінші үй ал. Алаңдама, 4-шіден кейін сен тоқтайсың», - деп «ақыл» береді. Сөйтіп, сіз үшінші, одан кейін төртінші үйді де аласыз. Осылайша, сіздің 4 үйіңіз бар, бірақ нәпсіңіз «Испания мен Дубайдан үй алу керек, өйткені ақшасы барлар солай жасайды», - дейді. Нәпсінің тілегі таусылып бітпейді. Оның соңынан еремін деп жүріп, өміріңіздің қалай аяқталып кеткенін де білмей қалатын боласыз. Біліп қойыңыз, нәпсіңіз сізге әсер ете бастаса, сізде үлкен қиындықтар болатынын күтіңіз. Жер бетінде алтынды, атақты қалайтын, демалғанды жақсы көретін, ақшаларды жұмсауды қалайтын, оны уыстап лақтыратын, оны ысырап ететін қаншама бай адамдар бар. Сондай-ақ, құмар ойындар мен саясатқа берілетіндер де бар. Оларда бар қаражаттың саны жоқ. Олардың бұл дүниедегі әр нәрсеге күші де билігі де жеткілікті. Олар бәрін жасай алады. Неге екенін білесіз бе? Оның нәпсісі тойған жоқ. Нәпсі әлі де болса өзінікін талап етуде.
«Сізді жарамсыздыққа әкелетін дертті күтіп жүрсіз бе?» Сізде бәрі тамаша. Сөзсіз, керемет, алайда аяқ-астынан сізге обыр диагнозын қойды. Аяқ-астынан көлік апатына түстіңіз. Күтпеген жерден сіз мүгедек болып қалдыңыз. Тіпті, жай ғана футбол ойнап жүріп, аяғыңызды шығарып алдыңыз, ал дәрігер тіпті отадан кейін де аяғыңызды жерге басып жүре алмайтын боласыз дейді.Мұндай жағдайлар аз емес қой.
«Айтып отырғаныңызды ұмытып қалатын кәрілікті күтесіз бе?!» Кәрі болғанда айтқандарын ұмытып қалатын адамдар болады. Егер сіз кәрілікте айтқандарыңызды ұмытпаудан сақтанғыңыз келсе, онда мен сізге бір амал жасауға кеңес беремін. Бұл амал: Құран оқу! Көп оқыңыз. Құранды күнделікті оқитын кез келген ер немесе әйел адам кәрілікке жетсе де, Алланың қалауымен, айтып отырғанын ұмытпайтын болады.
asyldin.kz