Қасиетті Құранда Алла Тағалай былай айтқан: «О, сендер, иман келтіргендер, шайқасыңдар, шайқасыңдар, ойдағыдай шайқасыңдар. Шайқасыңдар, өздеріңнің нәпсілеріңмен шайқасыңдар. О, сендер, иман келтіргендер, Менен қорқыңдар. Әрбір жан, әр нәпсі, әр өзімшілдік, әрбір адам көруі қажет, әлдеқашан сендердің Маған ертеңгі күнге жібергендеріңді».
Көріп отырсыздар ғой жібереміз емес, «жібергендеріңді». Жібердік пен жібереміздің арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы үшін, әр қаланың көшесінде «Сіздер 31-ші тамызға дейін салықтарыңызды төлеңіздер» деп жазылған жарнама тақталарын көріп жүреміз. Солай емес пе? Егер сіздер 31-не дейін төлеп қойсаңыздар, яғни сіздер мұны әлдеқашан жасап қойдыңыздар. Ал егер 31-ші тамызға дейін әлі төлемесеңіздер, онда сіздер төлейсіздер, бірақ енді кеш.
Алла Тағала бізге: «Сендердің Маған әлдеқашан жіберіп қойғандарың, сендерге тиесілі», - деп айтады. Ал біздің енді жібереміз деп жүргендеріміз – ол әлі біздікі емес. Біздің нәпсіңіз бізге: «Алаңдама, алаңдама, өзімді өзім тәртіпке саламын, алаңдама», - деп жүреді. Рас қой? Мен 50-ге келгенде, 50 жасқа толғанда, мешітте тынбай құлшылық қылатын боламын. Мен 55-ке келгенде, менің жақсы амалдар жасап жүргенімді көреті боласыздар, әрдайым мен Құран оқумен боламын. Мен 60-қа келгенде, бәрі маған Сабыр қажы дейтін болады. Мен қажылық парызымды өтеп қайтамын. Мен 65-ке келгенде, мешіттің қайырымдылық алқасында боламын, ал мен 70 жасқа келгенде, егер мен тірі болсам, онда кеңесші боламын. Қараңызшы, адам баласы бәрін оп-оңай қалай шешіп қояды. Өзі 40-ақ жаста болып 50, 55 жас, одан соң 60, 65, 70 жасқа дейін не істеп, не қоятынын «қиялдап» қойды. Алла қаласа істермін деген сөз аузынан шықпайды да. Ол мүмкін 50 жасқа жетпей, Алланың қалауымен, 49 жасында өліп қалармын деп тіпті де сезіктенбейді. Адам бұл өмірден өз армандарына жетпей-ақ дүние саларын тіпті де ойламайды, бірақ ішіндегі нәпсі былай: «Әлі жасайтын көп нәрсе бар», - дейді. Егер Алла разалығы үшін бірнәрсе жасағыларыңыз келсе, онда не жіберемін деп ойламаңыздар. 50 жасымда ананы жасаймын. 55 жасқа келгенде мынаны жасаймын. 60-қа келгенде қайырымдылық жасаймын. Мен Құран оқитын боламын. Жасаймын деген амалдарыңызды 50-55 жас тұрмақ, ертеңге қалдырмай қолға алып бүгін жасап отыруға тырысыңыз. Ертеңгі күннің келер, келмесі тек Аллаға ғана аян. Егер мен құлшылығымды жіберіп алсам, ол менің келесі өмірімдегі амал дәптерімде. Егер мен жасасам, яғни мен жібердім әрі оны Алланың қасынан табамын, ин ша Алла. Ертеңгі күнмен өзімізді алдамайық! Пайғамбарымыз (ﷺ) не деді?! Ол (ﷺ) былай айтты: «Кімде-кім уақытында жасап үлгермеймін десе, ерте жасап бастайды, ал кім ерте жасаса, ол уақытында жасап үлгереді».
asyldin.kz