Тақуа жанның өлімі (жалғасы)

Тақуа жанның өлімі (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мауляна Саид Ахмад Хан өмірден 1999 жылы қайтты. Ол Рамазан айында қайтыс болды. Айдың ақырғы 10 күнінде дүние салды. Ол Рамазан айының 27-і түні бақилық болды. СубханаЛла! Ол Нұрлы Мединеде дүниеден өтті. Ол Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешітінде тәһәжжут намазының сәждесінде жатып жан тәсілім етті. СубханаЛла, сіздер тіпті де елестете алмайсыздар оның қандай игілікті түрде Аллаға кеткенін. Алла Тағала тақуаларға сый береді, иман келтіргендерге осындай өлім береді. Ол өз болмысымен үлкен белгі көрсетті, өлер алдында ол: «Мені Жаннатул Бакиге жерлеңдер, бірақ, біліп қойыңдар, адамдар алдымен мені ол жерге жерлеуге қарсы болады, алайда соңында келіседі», - деп айтқан екен. Мұны ол өлерінен бұрын айтқан. Мешітте қасында болған мұсылмандар оны таң намазына шақырғанда ол тіл қатпайды, өйткені шейх тәһәжжут намазында бұл фәни дүниеден өтіп кеткен болатын. Олар оны жуындырып, содан соң Жаннатул Бакиге жерлемек болады, бірақ Сауд Араб  елінің өкіметі: «Жаннатул Бакиге?  Жоқ. Ол онда жерлене алмайды. Басқа жерге алып кетіңдер», - деген екен. Олар айтқанынан қайтпады. Мединенің басқа зиратының жолында жаназа намазы шығарылып жатқан, дәл сол кезде Сауд Араб елінің министрі өтіп бара жатып, қайтыс болған адам туралы білгісі келеді. Олар: «Бұл Саид Ахмад Хан», - деп жауап береді. Кімнің қайтыс болғанын естіген министр: «Ол бұл жерге жерленбейді. Оны Бакиге жерлеңдер», - депті. Осылайша министр жерлеу легін қарама қарсы жаққа бұрып, шейх Жаннатул Бакъиге жерленген екен.

СубханаЛла, менің өлім уақытым келгенде, менің ажалым маған таяған шақта, менің қаларым - өз ажалымды күтіп алсам етті. Мен өлімнен қашуға ниетті емеспін. Шынын айтқанда, егер мен өлімге дайын болсам; егер Аллаға бас июші болсам; егер мен ылғи тәубама келіп отырсам; егер мен өзіме адал болсам; егер мен ізгі істер жасасам; егер мен намаздарымды оқысам; егер мен мінезімді жақсартсам; егер мен жақындарыммен жақсы қарым-қатынасымды сақтасам; егер мен қателік жасап, соным үшін адамдардан кешірім сұрасам; егер мен жүрегімді тазалап отырсам; егер адамдардан алғанымды түгелдей қайтарып отырсам; өз жанұяммен, өз достарыммен, мені қоршағандармен  жақсы болсам; өмірдің барлық көрінісінде Алла Тағала маған сыйлаған ғұмырымда неге мен келешек өмірден қорқуым керек? Өлімнен қорықпай, оған дайын болу керек, өйткені өлім бізді Аллаға апарады. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай дейді:

«Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді» (41:30).

Жоғарыда Шейх Хасан Әлидің мұсылмандардың дүниеден өтуінің ғажайып үлгілерін қысқа түрде баяндап бердік. Ең бір таңқаларлығы - өмірдің таңғажайып түрде аяқталуы Алла Тағаланың салихин, садиқин дәрежелеріне жетпеген, ешқандай ықпалы жоқ әрі терең білімге ие емес қарапайым мұсылмандарға да сыйлануы мүмкін. Ақиқатында, «Алла - зор кеңшілік иесі» (8:29).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: