Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағымен кездесу

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағымен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Ханифа (р.а.) Мәдине қаласында Мұхаммед бин Әли бин Хусейн бин Әлимен (р.а.) кездескен оқиғасы бар. Мұхаммед бин Әли пайғамбарымыздың (ﷺ) жиен ұрпағы. Ол хазреті Әлидің баласы Хусейннің немересі еді. Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағы ғұламаға:

- Менің атамның (ﷺ) хадистеріне қияспен қарсы шығып жүрген сіз бе? – дейді.  Әбу Ханифа (р.а.): «Ондайдан Алла сақтасын. Сіз отырыңыз, сізге атаңызға (ﷺ) болған құрмет көрсетілугі ләзім»,– деп отырғызып, өзі оның алдына шөккеге түсіп отырады. Сөйтті де мән-жайды түсіндіру үшін Мұхаммед бин Әлиге: «Ер кісі әлсіздеу ме әлде әйел баласы ма?» – деп сұрады.           

Пайғамбарымыздың (ﷺ) шөбересі: «Әйел», – деді.            

- Әйелдің (мирастағы) үлесі қанша? – деп сұрады.             

- Ер кісі үлесінің жартысы, – деді.        

 Әбу Ханифа: «Егер мен қиясқа жүгінсем, әйелге көбірек үлес берер ем», – деді. «Намаз абзал ма, ораза ма?» – деп екінші сауалын қойды.         

– Намаз, - деп жауап берді.                 

Әбу Ханифа: «Егер қияспен пәтуа шығарар болсам, етеккірі келген әйелге оразаның емес, намаздың қазасын өтеуін бұйырар ем»,– деді. «Зәр ауыр нәжіс пе, әлде мәни ма (ұрық)?» – деп сұрады.

– Зәр, - деді.               

Әбу Ханифа: «Егер қияспен төрелік айтсам, мәниден кейін емес, зәр шыққаннан соң ғұсыл құйынуға бұйырар едім. Хадистен басқаны айтудан Алланың Өзі сақтасын. Мен хадистің қызметшісімін», – деп жауап береді. Сол кезде біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) шөбере ұрпағы орнынан тұрып, ғұламаның бетінен сүйген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: