6. Кінә тақпаңыз
«Мен кінәлы емеспін». «Кінәлы басқа біреу». «Қазір уақыт осындай». Байқайсыз ба, өз сәтсіздіктеріңіз үшін көбіне сіз басқа адамдарды немесе жағдайды кінәлап жатасыз...
Басқа адамдардың сіздің көңіл-күйіңізді басқарып, жеке бақытыңызға ие болуына мұршат бермеңіз! Жауапкершілікті өз қолыңызға алар кез келді.
«Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес» (41:46).
7. Біреуге жақсы әсер қалдыруға тырыспаңыз
Шынайы болыңыз. Шексіз түрде бет перде киіп жүру адамды қатты есеңгіретіп тастайды. Осы өмірде, ақирет өмірінде сізді бақытқа кенелтіп, құтқаратын Аллаға ғана жақсы көрінуге тырысыңыз!
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім ғалымдармен көрші болуға, ақымақтармен сөз таластыру арқылы адамдарға жақсы әсер қалдырғысы келетін болса, оны Алла Тозақ Отына салады» (имам ат-Тирмизи).
8. Құштар болмаңыз
Құштар болу көбіне қорқыныш сезімінен болып жатады. Сүйіспеншілік пен құштарлық – екі түрлі нәрсе. Сіз бір адамды немесе әлдебір нысанды жақсы көруіңіз мүмкін, бірақ оны жоғалтып алғанда құлазып қалмайтындай, оған құштар болмауыңыз керек. Өзіміз жете түсінбей бұл баянсыз дүниеге, адамдарға, нәрселерге және әлдебір жерлерге құштар болып жатамыз.
«Уа, адамдар! Кімде-кім Мұхаммедке сиынса, білсін, Мұхаммед өлді. Ал кімде-кім Аллаға сиынса, білсін, Алла – Тірі, өлмейді» (Әбу Бәкір).
9. Ақталмаңыз
Жиі ақталатын адамдардың басым көпшілігі көбінше сәтсіздікке ұшырап жатады. «Құран оқуға мен өте кәрімін». «Намаз оқып, ораза ұстауға мен әлі сондай жаспын». Сіздің осындай ақталуыңыз өз сәттілігіңізге кесе көлденең болады!
Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Өз қылықтарын өздерінің алдында ақтап бастамай, адамзат құрымайды».
10. Өткенмен өмір сүрмеңіз
Өзіңізге бақытты болар кез келді деп айтыңыз. Өмірімізде күнделікті болып жатқан дүниелердің бәрі кездейсоқ емес. Өмір сүруді қазірден бастаңыз.
«Ешбір кінәлік сезім өткенді өзгертпейтініндей, еш алаңдаушылық келешекті өзгерте алмайды. Өзіңе сондай қатал болма, өйткені істің соңы тек Алладан» (Омар бин әл-Хаттаб).
11. Қорқыныштарыңызды жайына қалдырыңыз
«Мен кедей болып қалсам ше? Науқастанып қалсам ше? Ал егер мен әйелімнен айырылып қалсам ше?»
Қорқыныш – тек иллюзия ғана. Өз қорқынышыңыздан құтылып, тек Алладан ғана қорқатын болғанда ғана сіз өзіңізді анағұрлым бақытты сезінетін боласыз!
Алла Тағала былай айтқан: «Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар» (3:175).
12. Бөтендердің үмітін ақтамаңыз
Бөтен біреулер сіз туралы не деп ойлап қалады деп үнемі алаңдап жүресіз бе? Басқа адамдардың пікірінен қауіптену – расымен де сіздің бақытыңызға кедергі келтіреді.
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер кімде-кім адамдардың ашуына қарамастан, Алланың разылығын іздесе, онда Алла оны Өз разылығына бөлейді әрі адамдардың қанағаттануын сыйлайды. Ал егер кімде-кім Алланың ашуына қарамастан адамдардың разылығын алғысы келсе, онда Алла оған Өз ашуын және адамдардың ашуын қарсы қояды» (Тирмизи).
asyldin.kz