Адамның бақытты болуына кедергі келтіретін 12 нәрсе (жалғасы бар)

Адамның бақытты болуына кедергі келтіретін 12 нәрсе (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (16:97).

Бұл фәни дүниеде Алланың бізге нәсіп еткен сыйын «жақсы өмір» деп айтамыз. «Жақсы өмір» дегеніміз не? Жақсы өмірдің барлық саласында тыныштық сезімі болады. Әли ибн Әбу Талиб бұл сезімді қанағаттану деп түсіндірген. Ибн Аббас, Икрим және Уахба бина Мунабих та осындай пікірді ұстанған. Әли бин Әбу Талха  Ибн Аббастан мұның бақытты білдіретінін естіген.  

Өзіңізді бақыттыдан гөрі бақытсызбын деп айтуыңыз мүмкін. Мұның себебін білесіз бе? Қане, өз бақытыңызға қол жеткізуіңізге кедергі келтіретін 12 нәрсені қарастырып көрейік.

1. Барлық нәрсені өз бақылауыңызда ұстауға тырыспаңыз.

Сіз үнемі баса көктеп, жағдайды бақылауда ұстауға тырысасыз, ал егер сәтсіздікке душар болсаңыз, қапаланасыз. Алланың бір есімі - әл-Уакил, яғни, «Жебеуші» деген мағынаны білдіреді. Алла – қамқоршы, жебеушілердің ең жақсысы. Өз ісіңізді Аллаға тапсырыңыз, Ол сізге ең үздік нәтижені кепіл етеді.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт» (73:9).

Аллаға сенім білдіру құлшылық түрі бола тұра сізге тыныштық сыйлайды.

2. Наразылық танытпаңыз

Сауда тым қымбатқа түсті. Ауа райы өте ыстық. Балалар үнемі шаршатады. Осы бір таусылып-бітпейтін наразылықтардың сізге көмектескен кезі болды ма? Үнемі наразылық таныта берсеңіз сіздің жағдайыңыз нашарлай береді.

Пайғамбарымыз () былай айтқан: «Өзіңізден жоғары дәрежеде емес, төмен дәрежеде тұрғандарға қараңыздар, сонда ғана сіз Алланың сізге нәсіп еткен нығметтерін көре аласыз» (Мүслим).

Дұрыс ойлаудың құдіреті мықты! Сіз раушан гүлінің тікенегі бар деп наразылық таныта аласыз немесе тікенекте раушан гүлі бар деп қуана аласыз. Таңдау сіздің қалауыңызда.

3. Үнемі дұрыс болуға тырыспаңыз

Тіпті дәлелдеріңіз таусылып бара жатса да сіз өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба? Онда сіз эгоның жетегінде кеткеніңіз. Сізге дұрыстығыңыз маңызды ма әлде жақсы болғаныңыз ба?

Пайғамбарымыз ()  былай айтқан: «Алла өзінікі дұрыс болып тұрса да дау-жанжалды тастаған адамға Жұмақтан үй тұрғызуға кепілдік беремін деген» (Әбу Дәуд).

Біреуді кекеп-сынағандағы сіздің шынайы ниетіңіз қандай? Мұны Алла үшін жасайсыз ба әлде өзіңізді таныту үшін жасайсыз ба? Мәселе осында.

«Исламға қатысты ауырлатпай, жеңілдетіңдер, қапаландырмай, қуантыңдар» (әл-Бұхари).

5. Өз-өзіңізді төмен бағалаудан құтылыңыз

Өз-өзін төмен бағалау расымен де адамдарды жақсартуға көп кедергі келтіреді. Аллаға иман келтіру және жақсы амалдар бізді жаратылғандардың жақсысы етеді. Сондықтан құрдымға кетірер жаман ойлардан тезірек құтылыңыз, сіз расымен де бұдан жақсысыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені Алла солай айтқан!

«Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы» (98:7).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: