«Зекет» қоры өкілдіктерінің жиналысы өтті

«Зекет» қоры өкілдіктерінің жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның басында ҚМДБ-ның «Зекет» қайырымдылық қоры өңірлердегі өкілдіктерімен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қор директоры Талғат Сейіткәрімұлы Омаров өкілдердің атқарған еңбектерін жоғары бағалап, алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылардың бірауыздан келісуімен алдағы 2020 жылға «Зекет» қоры «Болашаққа үміт сыйла» деген атау бекітілді. Басты мақсаты мен бағдары – еліміздегі медреселерге көмек көрсету, сонымен қатар діни және басқа да орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқып жатқан мұқтаж жетім балаларға көмек көрсету.

Бұдан басқа өңірлерден жиналған өкілдердің ұсыныстары талқыланып, Бас кеңсе тарапынан тапсырмалар беріліп, хаттама бойынша есептері алынып отырады.

Сондай-ақ, қайырымдылық бағытындағы ауқымды жобалар әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: