ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласында апта басында басталған «Діни пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» атты 4 күндік семинар өз мәресіне жетті.

Бүгін семинарға қатысқан әр аймақтан келген 30-дан астам медресе-колледж ұстаздарына сертификат табыстау рәсімі өтті. Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстаздары, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов пен Руслан Қамбаров ұстаздарға сертификатты ресми түрде табыстады.

Семинар жұмысын қорытындылаған Мұрат Манапұлы:

«Құрметті ұстаздар, 4 күн ішінде маңызды тақырыптарда дәріс тыңдадыңыздар. Алған ілімдеріңізді шәкірттердің ой-санасына жеткізіп, тәптіштеп түсіндіріп бересіздер деген сенімдемін», – деп атап өтті.

Өз кезегінде медресе-колледж ұстаздары семинардан мол тағылым алғанын айтып, ұйымдастыру комитетіне алғысын жеткізді. Сонымен қатар игі шараның алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырыла беруіне тілеулестік білдірді.

Айта кетсек, республикалық семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО).

4 күндік семинарда «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты, ұстаз, «Нұр-Мүбәрак» университеті мешітінің наиб имамы Руслан Қамбаров пен «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мухитдинов дәріс берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: